alfa-equip.kz, equip.kz, equipment.kz, laundry.kz, marking.kz, jabdyq.kz, imesa.kz, corghi.kz, сто.kz, авто-сервис.kz сайттарында форманы жіберу арқылы пайдаланушы (дербес деректер субъектісі) өз еркімен және өз мүддесінде «ALFA EQUIP» ЖШС-ке (БСН 080540001397, Алматы қ., Халиуллин көш., 32) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім береді.
Деректер тізбесі
Тегі, аты; ұйым атауы; телефон нөмірі; электрондық пошта мекенжайы; пайдаланушы хабарламада көрсеткен өзге де мәліметтер.
Әрекеттер тізбесі және мақсаттары
Кері байланыс жасау, коммерциялық ұсыныстарды дайындау және жіберу, өтінімдер мен шарттарды орындау мақсатында деректерді жинау, жазу, жүйелеу, сақтау, нақтылау, пайдалану және жою.
Қолданылу мерзімі және келісімді кері қайтарып алу
Келісім оны кері қайтарып алу сәтіне дейін қолданылады. Субъект кез келген уақытта [email protected] электрондық поштасына жазбаша өтініш жіберу арқылы келісімін кері қайтарып ала алады. Келісімді кері қайтарып алу оны алғанға дейін жасалған әрекеттерге қолданылмайды.
Деректерді өңдеу шарттары Құпиялылық саясатында сипатталған.